Президент лауазымына ресми кіріскенге дейін Трампқа сот үкімі шығады

219

Судья Трампты түрмеге отырғызбауға, оған айыппұл салмауға уәде берді.

Президент лауазымына ресми кіріскенге дейін Трампқа сот үкімі шығады Фото: yahoo.com

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа қатысты сот үкімі 10 қаңтарда шығады. Ол порноактрисамен қарым-қатынасы туралы ақпаратты жасыру үшін ақшаны заңсыз төледі, құжаттарды бұрмалады деп айыпталды. Нью-Йорк штатының судьясы Хуан Мерчанның тиісті шешімі жұма күні жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дональд Трамп үкім шығатын күні отырысқа жеке барып та, онлайн да қатыса алады.

Осыған дейін жаңадан сайланған президенттің адвокаттары істі тоқтату туралы өтініш берген. Алайда судья бұл заңның үстемдігіне нұқсан келтіреді деп отыр.

АҚШ-тың жаңа басшысы судьяның шешіміне көңілі толмайтынын жасырмады. Truth Social желісінде "бұл заңсыз саяси шабуыл" деп жазды. Жалпы бұл ел тарихында бұрынғы президентке қатысты алғашқы қылмыстық іс болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу