Бүгін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен отставкаға кеткеніне тура 1 жыл, деп хабарлайды Atameken Business.
2019 жылдың 19-ны науырызда сағат 19:19 да мемлекет басшысы барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз өкілеттігінен бас тартатынын мәлімдеді. Елбасы 30 жылдан астам уақыт бойы ең жоғары лауазымда болды. Коммунистік Қазақстанды тәуелсіз мемлекетке айналдырды
Былтыр дәл осы күні, Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеме жасағаннан кейін, отандық телеарналардағы жаңалықтар қызметінің ішінде ең бірінші болып, Ақорданың жанынан тікелей эфирде жеткізген мен едім. Өткен күнде белгі жоқ десек те, еске алып көрейік.