Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан Президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу