Президент МӘМС-ті енгізуде асығыстық жасамауға шақырды

913

Президент МӘМС-ті енгізуде асығыстық жасамауға шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша асықпауға шақырды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Барлық әлемде сақтандыру азаматтарды әлеуметтік қорғаудың маңызды бөлігі, ал сақтандыру ұйымдары – ірі инвесторлар. Біздің елімізде де сақтандыруды дамытып, сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігі деңгейін көтеру қажет. Осы жерде медицина саласындағы сақтандыруға қатысты тоқтала кеткен жөн. Бұл ілгері жүретін бағыт, оған ЭЫДҰ елдерінің ішінен 6 мемлекет қана көшкенімен, біз ілгері жүруіміз керек. Бұл 100 қадамда жазылған. Қорға салымдар түсіп жатыр, туындаған сұрақтар аз емес, бізде 2,7 миллион адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып саналады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деген не, бұл  салықтан тікелей бас тарту деген сөз", - деді елбасы.

Президент үкіметке міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырды.

"Осы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – үш миллион адам – медициналық сақтандырудан тыс қалады. Ал олар кейін не демек? Бұл ілгері бағыт және мен оған қарсы емеспін, алайда, оны жан-жақты зерттеп, пысықтап алу қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы халықтың бір бөлігі медициналық сақтандыру қызметтерін мемлекет есебінен алатын болса, енді біреулері ол үшін ақы төлеуі тиіс болатынына наразылық білдіруі мүмкін екенін атап өтіп, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа осыны пысықтап, шешуді тапсырды. Бір шешімге келген жағдайда парламентпен бірлесіп шешім қабылдайтынын айтты.

Еске сала кетейік, Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО көрмесінен кейінгі Халықаралық қаржы орталығы туралы айтып берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу