Президент МӘМС туралы заңға өзгеріс енгізді

112

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Президент МӘМС туралы заңға өзгеріс енгізді Фото: canva

Айта кетейік, 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы МӘМС аясында көрсетілген медициналық көмектің көлемі 12%-ға артып, 1,1 трлн теңгені құрады.

Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді. Мәжіліс пен Сенат мақұлдаған заң жобасы Мемлекет басшысына жолданып, бүгінде қол қойылды.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, заң аясында ең басты өзгерістердің бірі – МӘМС пен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) аясындағы қызметтердің нақты ажыратылуы.

– Бұл қадам емханаларға қаржы мен пациент ағынын тиімді басқаруға, медициналық қызмет көрсету жүйесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді министр.

Тағы бір маңызды жаңалық – онкологиялық скрининг МӘМС пакетінен ТМККК қатарына ауыстырылды.

Бұл жаңалық халықтың онкологиялық ауруларды ерте анықтау қызметіне кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу