Президент мандаты жеті жылмен шектеледі – Жанарбек Әшімжан

701

Парламенттің қос палатасы президент өкілеттігін бес жылдан жеті жылға ұзарту – бір мерзімге ғана сайлау туралы заң қабылдады.

Президент мандаты жеті жылмен шектеледі – Жанарбек Әшімжан

Осы күздегі президент сайлауы осы тәсілмен өтеді.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, президенттік өкілеттіктің жалпы мерзімі екі мерзімнен бір мерзімге, яғни 10 жылдан 7 жылға дейін қысқарады, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл норма ел тізгінін ұстар жаңа саясаткерлер мен жаңа саяси лидерлердің, сондай-ақ беті ашық, жүзі жарық, Ары мен алақаны таза, елмен етене араласа жұмыс істейтін, халықты тыңдататын, өзі де тыңдай білетін жаңа буынның келуіне мүмкіндік береді. Құқықтық демократияның бұл үлгісі жаңа саяси тұлғалардың жоғары лауазымды билікке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Һакім Абайдың сөзімен айтқанда, "еңбегін сатып" ел тізгінін ұстар ұстанымы берік жастар саясат аренасына шығады", – деп сендіреді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу