Президент Марат Ахметжановты қабылдады

990

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.  

Президент Марат Ахметжановты қабылдады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Президентке агенттіктің биылғы 11 айдағы жұмысының нәтижелері туралы баяндады.

Марат Ахметжановтың айтуынша, биылғы 11 айдың ішінде 1 576 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелген. 1 280 азамат, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмыс бойынша жауапқа тартылған. Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылды.

Марат Ахметжанов Мемлекет басшысына ауылшаруашылығын субсидиялауға жасалған кешенді сараптамалардың, көлік саласындағы жағдайлардың және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ Президентке 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасының орындалу барысы жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолдады және агенттіктің жұмысына оң баға берді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу