Президент марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған жерінде ескерткіш орнату керектігін айтты

1475

Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдығына орай еске алу жиыны өтті.

Президент марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған жерінде ескерткіш орнату керектігін айтты Фото: zakon.kz / vox populi

Жиналғандар оның жасаған жақсылықтарын айтып, Қазақстанның дамуына қосқан үлесін тілге тиек етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиынға Президенттің кеңесшісі әрі Баспасөз хатшысы Берік Уәли арнайы қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазған хатын оқып берді.

"Құрметті қауым! Биыл белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекеттігімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру – ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері – Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын. "Тарих – таразы" деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", – делінген хатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу