Президент мәслихат депутаттарының әкімдерді тағайындауға келісім беруі туралы Жарлыққа қол қойды

702

Мемлекет басшысы "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Президент мәслихат депутаттарының әкімдерді тағайындауға келісім беруі туралы Жарлыққа қол қойды

Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжаттың мәтіні мынадай:

Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы

2022 жылғы 08 маусым

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидалары бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 8 маусым

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу