Президент мемлекет басқаруда жапон тәжірибесін қолдануды ұсынды

124

Мемлекет басшысы озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды.  

Президент мемлекет басқаруда жапон тәжірибесін қолдануды ұсынды Фото: akorda.kz

Оның сөзінше, жасанды интеллект және цифрлық технологияны дамытуға баса мән беру керек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Менің өткен аптада Жапонияға ресми сапармен барғанымды білесіздер. Сапар кезінде Токио губернаторымен кездестім. Түрлі салада ынтымақтастық орнатуға келістік, цифрлық технологияларға ерекше назар аудардық. Токиодағы Smart City жобасымен таныстық. Жапония озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізу тұрғысынан зор табысқа жетіп отыр. Біз осы бағытта тәжірибе алмасатын болдық", – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу