Президент Мемлекеттік хатшының өкілеттігін кеңейтті

2093

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жыл 25 қаңтардағы Жарлығымен мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент Мемлекеттік хатшының өкілеттігін кеңейтті

Бұрынғы функцияларға қосымша:

1. Саяси партиялармен қарым-қатынастарда Мемлекет басшысының тапсырмасымен оның мүдделерін білдіреді;

2. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

3. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді;

4. "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын беру бойынша жұмысты үйлестіреді.

Мемлекеттік хатшы тағы да:

1) ҚР Президенті үшін ішкі саясат саласында стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;

2) Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның мүдделерін білдіреді;

ҚР Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда халықаралық қатынастарда;

3) Қызметті үйлестіреді.

Әлеуметтік-гуманитарлық сала: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша;

Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия; мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия; азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия;

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссия;

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссия;

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия;

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйлығы; 

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық;

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның;

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның;

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жастар саясаты жөніндегі кеңес;

4) Қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;

5) ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 2022 жылдың 5 қаңтарында ҚР Президентінің Жарлығымен Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу