Президент мемлекеттік күзет қызметін мерейтойымен құттықтады

997

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің ұжымын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Telegram-дағы bort_01 арнасына сілтеме жасап. 

Президент мемлекеттік күзет қызметін мерейтойымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінің түрлі сын-қатерлер мен қауіптерге дер кезінде төтеп беру мүмкіндігінің зор екенін атап өтіп, бұл құрылымның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінде аса маңызды рөл атқаратынын, күзет қызметкерлеріне айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты.

"Мемлекеттік күзет қызметі – ерекше құрылым. Сондықтан оған қойылатын талап та әрқашан жоғары болмақ. Сіздер  жүктелген міндетті шұғыл әрі тиімді атқарады деп сенемін. Мінсіз қызметтеріңіз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Президент.
 
Жиын соңында Мемлекет басшысы сала қызметкерлерінің еңбегіне табыс тілеп, бірқатарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу