"Айбын" орденінің дәрежелеріне батырларымыздың есімдері берілді – Тоқаев заңға қол қойды

282

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

"Айбын" орденінің дәрежелеріне батырларымыздың есімдері берілді – Тоқаев заңға қол қойды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" заңына түзетулер енгізілді.

Заңда "Айбын" орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.

Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу