Президент: Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет

732

Мемлекет басшысы патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін кеңінен қолдану туралы ұсынысына пікір білдірді. 

Президент: Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ Президент мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет екенін атап өтті.

"Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу