Президент "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамына барды

423

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент "Мемлекеттік техникалық қызмет" акционерлік қоғамына барды Фото: akorda.kz

Мекеме қызметімен танысу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы  ұлттық әрекет ету қызметінің және Зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды.

Президентке биыл 9 ай ішінде мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілгені жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті.

  • Мемлекет басшысы аталған қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу