Президент мемлекеттік тосқауылдарды жоятын заңға қол қойды

1754

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін мемлекеттік тосқауылдарды жоятын заңға қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Президент мемлекеттік тосқауылдарды жоятын заңға қол қойды

Заң "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады.

Енгізілген түзетулердің бірі – бір көзден алу тәсілінің екі негіздемесін қысқарту: заңнамада белгіленген бағалар, тарифтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу және статистикалық байқаулардың деректерін өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу. 

Құжатта монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделеді.

Сонымен қатар электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының көлемін ұлғайту, электр станциялары мен ірі өнеркәсіптік тұтынушылар арасындағы делдалдарды алып тастау және бағалық реттеуге жататын дәрілердің нақты тізбесін айқындау жолымен электр энергетикасы, дәрілік заттар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу