Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

141

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. 

Президент Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады Фото: Ақорда

Президент XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрмет" ордені Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу