Президент Мұхамедиұлы жайлы: Бұдан артық сорақылықты ойлап табудың өзі қиын

2010

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын кенет "еске алды", деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Мұхамедиұлы жайлы: Бұдан артық сорақылықты ойлап табудың өзі қиын

"Жаңа Қазақстанда еңбекқор ең сыйлы адам болуы тиіс. Біз өскелең ұрпақты адал еңбекке баулып, жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуіміз қажет. Маңдай термен тапқан әр тиын нағыз ардың ісі, Абай айтқан толық адамның еңбегі екенін жастардың санасына тоқуымыз қажет. Біздің бұрынғы бір министріміз бауырлас көрші мемлекеттің азаматтарын келеке қылғаны бар. "Олар Ресейге барып, қара жұмыс істейді, біз Қазақстан азаматтары ондай жұмыс істемейміз, бақытты халықпыз" деп айтқан. Естімеген елде көп. Бірақ бұдан артық сорақылықты ойлап табудың өзі қиын. Еңбектен қашқан адам кеудесін ұрып мақтанбай, керісінше, ондай әрекетінен ұялуы керек. Еңбек дегеніміз қасиетті ұғым. Адал еңбекті күлкі етіп, мазақ қылуға болмайды. Мұндай кері пікірлер жастарды адастырады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сонымен қатар кадрларды жаппай жұмыстан шығару жақсылыққа апармайтынын мәлім етті.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу