Президент Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады

254

Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіріп, ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанда ауыр атлетиканы дамытуға үлес қосқаны үшін федерациялардың басшыларына ризашылығын білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы қабылдады Фото: Ақорда

Президент елімізде спорттың осы түрі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Бүгінде 20 мыңнан астам отандасымыз ауыр атлетикамен жүйелі түрде айналысады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанда аталған спорт түрін ілгерілету үшін федерациялармен нәтижелі әрі тығыз қарым-қатынасты жандандыруға назар аударды.

Мұхаммед Юсуф әл-Мана қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанда ауыр атлетика мектебі қалыптасқанын мәлімдеді. Астана, Алматы қалаларында ауыр атлетикадан Орталық Азия елдері үшін өңірлік хаб құруға қажетті жағдай жасалғанына тоқталды.

Ал Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари еліміздің ауыр атлеттері Бахрейнде өткен әлем чемпионатында табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, Лос-Анджелес Олимпиадасының лицензиялық турнирін өткізуге Қазақстанның мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

Кездесу соңында Президент ауыр атлетиканы ілгерілетуге үлес қосқаны үшін Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари мен Мұхаммед Юсуф әл-Мананы ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу