Президент мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

1119

Мемлекет басшысы бұл қасиетті мейрамда баршаға зор денсаулық пен құт-береке тіледі.

Президент мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтау сөзі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

***

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы:

Құрметті отандастар!

Күллі мұсылман үмбетін Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Қасиетті Құрбан айт – мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін.

Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендей берсін!

Қасым-Жомарт Тоқаев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу