Рәсім барысында қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Франция Президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы конференция асында өтетін панельдік пікірталаста өңірлік қауіпсіздік мәселесі бойынша "Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме" тақырыбында сөз сөйлейді деп жоспарланған. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету перспективалары жайында өзінің ой-пікірін ортаға салып, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының жүзеге асырылу барысындағы Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы айтады.