Президент нақтыланған республикалық бюджет туралы Жарлыққа қол қойды

1148

2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.  

 Президент нақтыланған республикалық бюджет туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды.

Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу