Президент Наталья Годунованы қабылдады

921

Жалпы, Президент Есеп комитетінің жұмысына оң баға берді.  

Президент Наталья Годунованы қабылдады

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық холдингтер жұмысының тиімділігіне жүргізілген талдау қорытындылары туралы есеп берілді. Мұндай тапсырма 2019 жылғы 2 қыркүйекте Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауында берілген болатын.

Есеп комитеті басшысының мәліметі бойынша, шешілуі тиіс қордаланған мәселелер мен кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда, экономикадағы квазимемлекеттік сектордың үлесі азаймай тұр. Ондағы компаниялар республикалық бюджеттің қолдауына тәуелді.

Наталья Годунованың айтуынша, сатып алулар кезіндегі рәсімдерде әлі де ашықтық жоқ. Шарттардың дені бәсекелестік жолмен жасалмайды.

Есеп комитеті аудит жүргізіп, осы мәселенің нақты себептерін анықтауы керек. Есеп комитетінің басшысы Қазақстан Президентінің қарауына ұлттық холдингтерді, соның ішінде квазимемлекеттік сектордың кейбір компанияларын жабу мақсатында оңтайландыру туралы ұсыныс енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу