Президент Нидерланд Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті

384

2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайызға артқан.

Президент Нидерланд Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен сөйлесті Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нидерланд тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері қарастырылды.

Нидерланд еліміздің экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады.

Марк Рютте екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға берді. Оның айтуынша, Нидерланд Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес ретінде қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу