Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерейтоймен құттықтады

854

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерейтоймен құттықтады

"Мен халқымызды еліміздің мерейтойымен құттықтаймын. Бұл барша қазақстандықтың мерекесі. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы – біздің ұрпақтың ерен ерлігі. Тәуелсіздік – үкіленген үміт, миллиондардың орындалған сан ғасырлық арманы", – деді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні Астанада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында, деп жазады "Интерфакс-Казахстан".

"Қазақстан осы мерейтойлы жылда БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше болып сайланды", – деп атап өтті мемлекет басшысы.

"Біз тәуелсіз жолымызды бұрынғы Одақтың 15 бөлшегінің бірі ретінде бастадық. Тәуелсіздіктің 25 жылын жаңа жаһандық рөлде қарсы алып отырмыз. Баршаңызды осынау жаңа миссиямен құттықтаймын", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ барша азаматқа елдің дамуы мен құрылуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу