Президент Олжас Бектеновтің кандидатурасын неліктен ұсынғанын түсіндірді

806

Тоқаев Қазақстанның алдында ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұрғанын, даму мен ілгерілеуге жету үшін жаңаша көзқарас қажет екенін атап өтті.  

Президент Олжас Бектеновтің кандидатурасын неліктен ұсынғанын түсіндірді Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 6 ақпанда Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын неліктен ұсынғанын түсіндірді.

"Үкімет құрамы өзгереді, жаңа тағайындаулар, жаңа тұлғалар болады. Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес, Премьер-министр лауазымына Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынамын. Кандидатурасын "Аманат" партиясы ұсынған, ол тәжірибелі мемлекеттік қызметкер, жоғары білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбекқор. Сондықтан да жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға әлеуеті жеткілікті деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу