Президент Оман Сұлтанын құттықтады

82

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың жауапты қызметіне толағай табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Президент Оман Сұлтанын құттықтады Фото: Ақорда

Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы еліміз Оманды араб әлемі мен Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп қарастыратынын жазды.

Сонымен қатар Астана мен Масқат арасындағы достыққа, өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу