Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

145

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу