Президент опат болған "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының жақындарына көңіл айтты

586

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған жұмысшылардың жақындары мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент опат болған "АрселорМиттал Теміртау" жұмысшыларының жақындарына көңіл айтты

Жеделхаттың мәтінін Президенттің баспасөз қызметі жариялады.

– "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының цехында болған апат салдарынан қазаға ұшыраған жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу