Президент Орталық Азия бойынша Қазақстанда ғана орналасқан Kia Sportage өндірісін іске қосты

551

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Allur зауытына барып, Kia автомобильдерінің шағын тораптық өндірісін іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Орталық Азия бойынша Қазақстанда ғана орналасқан Kia Sportage өндірісін іске қосты

Зауыт басшылығының айтуынша, былтыр 614,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылы зауыт құны 21,5 миллиард теңге болатын өнім экспорттады. Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Allur автомобиль зауытының жаңадан іске қосылған желісі Kia Sportage моделіне арналған. CKD – шанақтарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі технологиялық жұмыстарды жүзеге асыратын шағын торапты автомобиль өндірісі.

Ол үшін арнайы цехтар ашылған. Kia өндірісінің осы технологиялары Орталық Азия мен ТМД бойынша Қазақстанда ғана орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу