Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты

520

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Германияның экономикалық ынтымақтастығының негізгі мәселелеріне тоқталды. 

Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия экономикасы Шығыс комитетінің мүшелерімен кездесуіне қатысты Фото: akorda.kz

Біздің аймақ – Еуразия кеңістігін байланыстырушы бірегей стратегиялық орталық. Негізгі сауда-экономикалық дәліздер елдеріміздің аумағы арқылы өтеді. Қазақстанда мол пайдалы қазбалар қоры бар. Мұның бәрі Германиямен және жалпы Еуропа Одағымен сауда-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға кең жол ашады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Германиямен арадағы аймақтық сауда-экономикалық байланыстарда Қазақстанның маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, өзара қарым-қатынасты нығайту және оны жаңа деңгейге шығару жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Біз маңызды шикізат тауарлары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіміз. Бүгінде сирек кездесетін металдарға әлемдік сұраныс ұсыныстан едәуір көп. Мемлекеттердің болашақтағы технологиялық дамуы осы үрдісті күшейте түседі. Қазақстан Орталық Азияның басқа мемлекеттері сияқты, Еуропа Одағына қажетті аса маңызды металдар мен минералдардың орасан зор қорына ие. Оларды бірлесіп өндіруде ғана емес, қайта өңдеу ісінде де бұл бағыттың перспективасы зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу