Президент Орталық Азия мен Үндістанның бірлескен жобаларына АХҚО алаңын ұсынды

886

Қазақстан инвестициялық міндеттерін толық орындайды.  

Президент Орталық Азия мен Үндістанның бірлескен жобаларына АХҚО алаңын ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия - Үндістан" саммитінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестиция тартудағы маңызына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алдағы уақытта Қазақстанның барлық инвестициялық міндеттемесін мүлтіксіз және толық орындаймыз. Инвестициялық ахуалдың жақсаруы "Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасының негізі саналатын экономикалық саясаттың құрамдас бөліктерінің бірі. Біз тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика, денсаулық сақтау және фармацевтика сияқты перспективті салаларға инвестиция тартуға мүдделіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Бірлескен жобаларды іске асыру үшін реализации серіктестерімізге "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсына аламыз. Орталық ағылшын заңымен жұмыс істейді және әлемдік стандарттарға сай", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу