Президент: Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет

740

Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады.

Президент: Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет

Мемлекет басшысына жаңадан құрылған министрліктің жүргізіп жатқан жұмыстары, штат құрамының жасақталуы және тиісті нормативтік-құқықтық база дайындау жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті министрге бірқатар міндет жүктеді.

"Ұлттық мүдделерді қорғау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге және Еуразиялық экономикалық одақ, ҚХР және Орталық Азия нарықтарындағы тауарларымызды ілгерілетуге күш салу қажет. Экспортқа шығарушыларды қолдау үшін оларға көрсетілетін қызмет түрлерін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмылдыру керек. Ішкі нарықты қорғау және оны сапалы әрі қолжетімді тауарлармен толтыру мәселелері халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен және ел экономикасының дамуына тікелей байланысты. Сондықтан, заманауи форматтағы нарықты дамыту және ақшасыз төлем механизмін кеңейту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарымен өзара іс-қимылдар жүргізу маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу