Президент отандастарды Халықтардың бірлігі күнімен құттықтады

936

Мемлекет басшысы  Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.   

Президент отандастарды Халықтардың бірлігі күнімен құттықтады

"Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке қасиетті жерімізді мекендейтін әр адам үшін аса қымбат.  Егемен еліміздегі барлық этникалық топ өкілдері біртұтас Қазақстан халқын құрайды. Біз достық пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың арқасында зор жетістікке жеттік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні мемлекет басшысының сайтында жарияланған құттықтауында.       

"Бейбітшілік пен қоғамдық келісім – баға жетпес байлығымыз. Бұл құндылықтар Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев негізін қалаған жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарының өзегіне айналды. Біз бір ел, біртұтас халық болып тәуелсіздігімізді нығайттық. Халықаралық қоғамдастықтағы абырой-беделімізді арттырдық", – деп атап өтті Президент. 

Президент биылғы Бірлік күнінің мән-маңызы ерекше екеніне тоқталып:

"Бүгінде Қазақстан бүкіл әлемге тараған коронавирус пандемиясымен күресуде. Жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарын халқымыз да сезініп отыр. Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін", – деді.

Сонымен қатар Президент Қазақстан халқына мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу