Президент отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 50%-ға жеткізуді тапсырды

1051

Бүгінде аталған саладағы отандық өнімнің үлесі – 17%.

Президент отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді 50%-ға жеткізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев отандық дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейін 50% жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлу қажет. 

"Індетпен күрес кезінде осы сала еліміздің бәсекеге қабілеті мен қауіпсіздігі үшін маңызды екеніне көзіміз жетті. Сондықтан медицина өнімдерін зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құруымыз керек. Жаһандық фармацевтикалық корпорациялармен ынтымақтастықты жандандырған жөн", - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.

Ол аталған салаға инвесторларды тартып, озық технологияны енгізіп, 
жаңа зерттеу жұмыстарын жүргізу керегін айтты.

"Отандық тауар өндірушілермен жасалатын offtake  келісімшарттарының көлемін арттырып, өнім түрін көбейту қажет. Еліміздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана отандық өнім. 2025 жылы оны елу пайызға жеткізу керек", - деді Мемлекет басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу