Президент отандық мұнай саласына сіңірген ерекше еңбегі үшін бірқатар еңбек ардагері мен компания қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Құрмет" орденімен еңбек ардагерлері Жанұзақ Оразов, Жеңіс Сейтаев, Көбентай Сүйесінов, III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен еңбек ардагерлері Мұхит Әбілғазиев, Мырзақуат Қарабалин, Леонид Торопкин, Айтқали Ұйпақов, "Ерен еңбегі үшін" медалімен "Теңізшевройл" ЖШС екінші буындағы зауытының басқарушысы Данияр Бижанов, еңбек ардагерлері Болат Ерниязов, Орынбай Жәкиев, "Теңізшевройл" ЖШС біріктірілген өндірісті басқару орталығының басшысы Руслан Инебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен "Теңізшевройл" зауытының басшысы Нұрлан Бектаев наградталды.