Мемлекет басшысы Палестина Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббас пен оның отандастарын Палестинаның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу