Президент паралимпиадашы Герлиц пен екі бапкерді "Құрмет" орденімен наградтады

898

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейжің қаласындағы XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін Герлиц Александр Александрович, Жданович Антон Владимирович,  Коломиец Василий Сергеевич "Құрмет" орденімен наградталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент паралимпиадашы Герлиц пен екі бапкерді "Құрмет" орденімен наградтады

"ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Бейжің қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) XIII Қысқы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

"Құрмет" орденімен

Герлиц Александр Александрович – "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ спортшыcы

Жданович Антон Владимирович – "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ аға жаттықтырушысы

Коломиец Василий Сергеевич – "Қазақстан Республикасының  Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ бас жаттықтырушысы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                                   Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 наурыз

                          № 844"

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу