Президент паркі маңындағы көше 15 күнге жабылады

708

Елордада А. Байтұрсынов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Президент паркі маңындағы көше 15 күнге жабылады

Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Байтұрсынов көшесінде Қошқарбаев көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 5-20 маусым аралығында осы учаскеде көлік қозғалысын ішінара тоқтату жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмаау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу