Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті

386

Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.  

Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талқылауға "Amanat" партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов, "Ауыл" партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев, "Respublica" партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Ходжаназаров қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу