Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында билік тармағын түбегейлі жаңғырту керек екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Екіншіден, парламенттік реформа "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым.
Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды.
Сондай-ақ, тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек.
Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады", – деді Президент.