Президент Павлодардағы офтальмология клиникасына барды

402

Клиника ай сайын 200-ге тарта ота жасайды.

Президент Павлодардағы офтальмология клиникасына барды Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар тұрғындарына офтальмологиялық қызметтер көрсететін медицина мекемесінің жұмысымен танысты.

Президент диагностикалық-емханалық кешенін, стационар бөлімін, сондай-ақ лазер орталығы мен операциялық блокты аралап көрді.

Мекеме басшылығының айтуынша, клиника ай сайын көз ауруына шалдықққан 1 мыңға жуық науқасты қабылдап, 200-ге тарта ота жасайды. Пациенттер ақылы түрде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында да диагностикадан өте алады.

Клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Президент өңірлерде осындай жоғары технологиялық арнаулы медицина мекемелерінің ашылуы өте маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы орталық ұжымының жауапты қызметіне табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу