Президент референдумда дауыс берді

897

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер мен өзгерістен енгізуге арналған референдумда дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы астанада Оқушылар сарайында орналасқан №59 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, референдум барысында ел Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесін қолдау немесе оған қарсы дауыс береді.

Республика бойынша 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Ал республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімі 11 млн 722 мың 536 адам. Сыртқы істер министрлігі 52 шет мемлекеттегі Елшіліктер жанынан 65 учаскелік референдум комиссиясын құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу