Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады

412

Президент "Родина" агрофирмасының бас директоры Иван Сауэрді қабылдады.

Тоқаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады Фото: dknews.kz

Иван Сауэр Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық ауыл шаруашылығы ғылымын кешенді түрде жаңғырту туралы ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ еліміздің ауылдық аумақтарын дамытуға қатысты өзінің көзқарасын жеткізді.

Мемлекет басшысы дамыған инфрақұрылымымен және тұрғындарды барынша жұмыспен қамтуымен ерекшеленетін "Родина" ауылы үлгілі елді мекен саналатынын атап өтті.

Президент мемлекет тарапынан ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлінетініне тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл халқының еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштерін арттыруға, сондай-ақ ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесе әрекет ету қажет екеніне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу