Президент "Русская медная компания" негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

116

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент "Русская медная компания" негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады Фото: Ақорда

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу