Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакинаны Уимблдон турнирінің финалына шығуымен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Елена Рыбакинаны теннистегі ең беделді жарыс саналатын Уимблдон турнирінде табысты өнер көрсетуімен құттықтаймын. Ол финалға шықты", – деп жазды ол.
Айта кетейік, Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің финалына шықты.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы,"Үлкен дулыға" турнирінің екі мәрте чемпионы (Франция ашық чемпионаты – 2018, Уимблдон – 2019), қазіргі кезде рейтингіде 18-сатыда тұрған румыниялық Симона Халеппен кездесті. Финалда Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы тунистік Онс Жабермен (Тунис) кездеседі.