Президент Садыр Жапаровты Қырғызстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

615

Қырғызстан Президентінің атына құттықтау жеделхаты жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Садыр Жапаровты Қырғызстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа жеделхат жолдап, қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Қырғызстан басшысын және қырғыз халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтады.

– Бұл – егемен Қырғызстан тарихындағы ұлттың бірлігін, тұрақтылығын, жасампаздық рухын бейнелейтін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қырғыз елінің ұзақ мерзімді және тұрақты дамуы үшін мәңгілік маңызды күн, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының дамуын жоғары бағалады.

– Тарихы терең бауырлас халықтардың ортақ мүдделері мен ғасырлар бойғы достығы және татукөршілік дәстүрін сақтай отырып,  Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ қазақ пен қырғыз иық тіресіп, өзара жетістіктерге шынайы қуанып, бір-біріне үнемі қолдау көрсетіп келеді. Күш-жігерімізді жұмылдырып, көп қырлы ынтымақтастығымыздың тұрақты дамуына тың серпін бере алатынымызға сенімдімін. Бұл қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы үшін жаңа көкжиектерге жол ашады, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, бауырлас қырғыз халқына өркендеу мен өрлеу тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу