Президент: Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек

1475

Қазақстанның экономикалық өсімі 4,5%-ды құрады.

Президент: Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек Фото: Серікжан Қобыланбаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. 

Жиында үкіметтің 2019 жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің есебі берілді. Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметке берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.

"Бүгін үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселе бар. Алдымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарастырамыз. Жалпы, былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,5% болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек", – деді президент

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу