Президент сайлауы: 68 шет мемлекетте сайлау учаскесі құрылады

650

Қазақстан азаматтары ҚР президентінің кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады.   

Президент сайлауы: 68 шет мемлекетте сайлау учаскесі құрылады Фото: gov.kz

Әлемнің 53 мемлекетіндегі Қазақстан елшіліктері жанынан 68 сайлау учаскелері құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алатынын хабарлайды.

"ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Сыртқы істер министрлігі шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу