Президент сайлауына қатысуға 8 үміткер талапқа сай болып шықты

559

Орталық сайлау комиссиясына жалпы 12 үміткер құжаттарын тапсырды.

Президент сайлауына қатысуға 8 үміткер талапқа сай болып шықты

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен ашық отырыста комиссия өкілдері ҚР Президенттігіне үміткер қанша кандидаттың талапқа сай болып шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жалпы 12 үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. Біз өз кезегімізде құжаттардың сәйкестігін тексеріп, заңға сүйене отырып бүкіл жұмысты жүргіздік. Бүгін 3 үміткер талапқа сай болмай шықты. Тағы бір үміткерге сот ұйғарымы бар, оған қатысты шешім кейін шығады. Бұл жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз оны тексеруді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқпыз. Ал жалпы қалған бүкіл үміткерлердің сәйкестік мәселесін толық қарадық", – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу